Әлеуметтік желіні пайдаланушылар көлік көп жүретін жолға жүгіріп шығатын балалар туралы бейнежазбаларды жиі жариялайды. Жүргізушілердің дені жасөспірімдер арасында кең таралған "жүгіру немесе өлу" ойыны пайда болғанын айтады. Аталған ойынның екі ерекше белгісі бар: сол маңда балалар өз құрдастарының өмірін қатерге тіккен сәтін бақылап тұрады және осыдан кейін жүгіріп өткен бала спорттық жаттығу жасап, би немесе басқа нәрсе істейді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қауіпті ойынның кәмелет жасына толмағандар балалар арасында трендке айналғаны сонша, көлік жүргізушілері мен қала тұрғындары мұның алдын алу керек деп дабыл қағуда.
- Кешке мен қаладағы 4-ші шағын аудандағы тротуармен жүрдім. «ШУМ» сауда үйінің маңындағы жаяу жүргінші жолағының қасына қасында аталған көрініске куә болдым. Шамамен 12-13 жастағы ұл-қыздар жолдың жанында тұрып, осылай ойнады. Олар көліктің алдынан өтіп, содан кейін жерге жатып, қос қолымен етпетінен жатып денесін көтеріп жаттығу жасады. Бұл жерде қанша бала болғанын санап үлгермедім. Ал ата-аналар балаларына бұның қауіпті екенін айтуы тиіс», - деп жазды Ақтау тұрғындарының бірі әлеуметтік желіде.
- Жолға шыққан баланың өзі зардап шегуі немесе бірнеше көлікті апатқа ұшыратуы мүмкін. Адам факторы бар жерде жүргізуші уақытында тоқтап үлгермейтіні анық. Оның соңы қайғылы жағдайға әкелуі ғажап емес,-дейді 10 жылдық тәжірибесі бар ақтаулық жүргізуші Талғат.
- Ата-аналар көліктер көп жүретін жолға шығу қауіпті екенін балаларына түсіндіруі керек. Бұл жағдай мүгедектікке я өлімге әкелуі мүмкін. Балаларға осындай абайсыздықтың салдары туралы бейнероликтер, ЖКО зардап шеккендермен, дәрігерлермен және ата-аналармен сұхбат көрсету қажет деп санаймын, - дейді Ақтау тұрғыны Анастасия.
«Бұл бала мен оның отбасы, жүргізуші үшін де өте үлкен қауіпті жағдай. Менің ойымша, балама қандай да бір түрде әсер ету үшін онымен сөйлесу керек шығар. Мұндай "кім мықты?" «қорқақ әлде батыр» тәрізді қауіпті сайыстар балаларды өзара танымал етпейді. Өз өміріңді ғана емес, көліктегі басқа адамның да өміріне балта шабасыз», - деп ақтаулық Айнұр есімді тұрғын өз ойымен бөлісті.
Әлеуметтік желі мен ата-аналардың тәрбие ісіне бей-жай қарауы жасөспірімдерге тікелей әсер етеді дейді педагог-психолог Баян Баймұратова.
- Бұл ойынды ойнайтындардың көбеюі TikTok әлеуметтік желісіне байланысты болып отыр. Бұл жағдай баланың психологиясына қатты әсер етеді. TikTok-та мұндай жағдай болған. Қолшатыры бар қыз көпқабатты үйден секіріп кетті. Қолшатыр оның салмағын ұстап тұратынына сенімді болғанымен көптеген жасөспірімдердің әлеуметтік желілерде көргендерінің бәрін іске асырғысы келеді. Сыни тұрғыдан ойлау, жағдайды әр түрлі жағынан қарау, қорқынышты екенін ескеру керек деген түсінік олардың санасында мүлдем жоқ. Бүгінде мен жасөспірімдермен көп жұмыс істеймін. 8-сыныптан бастап олар гиперактивті болып, құқықтарына нұқсан келтіретінін жиі байқаймын. Мәселе туындаған кезде бала оның себептері мен салдары туралы еш ойламайды. Олардың оқиғаны қабылдауы мүлдем басқаша. Көліктің алдында жүгіру де солай көрінеді. Мұнда тек баланы кінәлауға болмайды. Қоғамда жұмыспен қамту мәселесі бар. Несиелері бар ересектер бірнеше жерде жұмыс істейді де баланы қаржылық жағынан қамтамасыз етуге тырысып жүреді. Бала туғаннан кейін оны қараусыз қалдыруға болмайды. Балалармен үнемі жақын сөйлесу керек. Менің тәжірибемде ата-аналар "балалар аман қалуды үйренсін, біз кешке дейін жұмыс істейміз, оған сұрағанның бәрін сатып аламыз" деген жағдайларды алға тартады. Балама назар аудару, оның өміріне қызығушылық таныту туралы жайттар үнемі ескеріле бермейді. Кейде мұндай жағдай үлгілі отбасылда да болып жататыны жасырын емес. Олар барлық жағынан қамтамасыз етілгендіктен, ата-аналары оларға ештеңе қажет емес деп ойлайтыны өкінішті. Балалардың өздеріне қауіп төндіріп, түсінбеушілік, жақсы мен жаманды ажырата алмау, олардың әрекеттері үшін жауап беру керек. Кез келген психолог маман осы бағытта жұмыс істеп, баланы тәрбиелік жағынан дұрыс жолға бағыттауы керек, - дейді Баян Баймұратова.
Баланың жағдайды түсіну мәселесінің себептерін анықтайтын және дағдарыстан шығуға көмектесетін жеке тесттердің де маңызы зор.
- "Жүгіру немесе өлу" ойынымен ойнайтын баламен қалай диалог құруға болады? Менің ойымша, мұнда жасөспірімнің жеке басы, қарым-қатынасы, өзін-өзі бағалауы арқылы кешенді талдау жүргізу және олардың нәтижелері бойынша ата-аналармен сөйлесу қажет. Сонда баланы және оның тәрбиесінде жіберіп алған жағдайды түсіну оңай болмақ. Менің тәжірибемде мұндай жағдайларды талдағаннан кейін ата-аналар әртүрлі эмоцияларға бой алдырып, қателіктерін түзетуге тырысады. Бұл ойынның басты проблемасы - бала ата-анасының назары мен бақылауынсыз осындай қорқынышты әрекетке баратыны дәлелденіп отыр. Егер сіз телефонды пайдалануды шектесеңіз, оның күні бойы не істейтінін бақылап, оның ісіне назар аударсаңыз, олар қауіпті тенденцияларды ұстанбайды. Сондықтан отбасындағы білім мен зейіннің маңызы зор, - деп атап өтті педагог-психолог.
Айтпақшы, мұндай қауіпті трендтерді полицейлер де бақылайтын көрінеді. Білім басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп балалармен үнемі профилактикалық әңгімелер өткізетіні айтылып отыр. Бұл ретте Маңғыстау өңірінің барлық оқушылары қамтылған екен. Ал кездесулерде баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ойындар да талқыланып жүр. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жасөспірімдер арасында қауіпті хабарландырулар немесе тыйым салынған шақырулар үшін әлеуметтік желілерге үнемі мониторинг жүргізінін алға тартты.